«Зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған»: Асыранды балаларын қорлаған «емшінің» әйелінің үстінен де қылмыстық іс қозғалды

Шілде 13, 2024 - 10:07
Шілде 13, 2024 - 10:09
«Зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған»: Асыранды балаларын қорлаған «емшінің» әйелінің үстінен де қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпараттық порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

«Кәмелетке толмаған балаларға тәрбие беру міндетін дұрыс атқармағаны үшін күдіктінің әйеліне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте асырап алған ата-анасы балаларды аяусыз қорлағаны хабарланды. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында Шымкентте асырап алынған балаларға қатысты жантүршігерлік жайттарды айтты.

«Бұл қылмыс бойынша ақпан айынан бері ҚР ІІМ, Бас прокуратура және Шымкент қаласының Балалар құқықтары жөніндегі уәкілімен бірлесе жұмыс істеп келеміз. Бұл оқиғада біраз сұмдық бар. Соның бірі, балалардың үлкенінің сөзінше, асырап алушылар балаларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған. Іс сотқа жіберілді. Сондай-ақ, олар балаға тиесілі ақшаны ешкілер сатып алуға жұмсап, балаға баққызып қойғандары туралы дерек бөлек тергеліп жатыр. Бұл жағдайда балалардың үлкенінің денесіндегі көгерген жерлерді көрген мектеп мұғалімдері және қамқоршылық органдарына сұрақ көп. Оларға қатысты да қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүріп жатыр», - деп жазды Динара Закиева.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow