Зеленский президенттік қызметтен қашан кететінін мәлімдеді

Қыркүйек 25, 2025 - 20:11
Зеленский президенттік қызметтен қашан кететінін мәлімдеді
Фото: ғаламтордан

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс біткен соң қызметінен кетуге әзір екенін, сондай-ақ ол атысты тоқтату режимі енгізілсе, Жоғарғы радаға сайлау өткізу туралы бастама көтеруге дайын екенін жеткізді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

«Менің басты мақсатым – қайта сайлану емес, соғысты тоқтату», – деді Зеленский Axios басылымына берген сұхбатында.

Журналистердің «соғыс аяқталғаннан кейін өз миссияңызды аяқталды деп санайсыз ба?» деген сауалына мемлекет басшысы: «Иә, мен отставкаға кетуге дайынмын», – деп жауап берді.

BBC дерегінше, Зеленский атысты тоқтату келісіміне қол жеткізілген жағдайда парламент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жасайтынын айтты. Дегенмен ол елдің кейбір өңірлеріндегі қауіпсіздік ахуалы мен Украина Конституциясының талаптары белгілі бір қиындық тудыратынын айтты. Конституцияға сәйкес, әскери жағдай кезінде сайлау өткізуге тыйым салынған. Соған қарамастан, Зеленский сайлау өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow