«Жағдайы өте ауыр»: Экс-депутат қағып кеткен ер адамның қазіргі жағдайы белгілі болды

Тамыз 17, 2026 - 16:19
 0  21
«Жағдайы өте ауыр»: Экс-депутат қағып кеткен ер адамның қазіргі жағдайы белгілі болды
Фото: Ашық дереккөз

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек ұшыраған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адамның жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 1989 жылы туған пациент 2026 жылғы 15 тамызда сағат 20:21-де ауруханаға түскен. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

"Диагнозы: көпжарақат, ауыр бас-ми жарақаты, мидың соғылуы, екі жақтағы қабырғалардың көптеген сынуы, екіжақты гемопневмоторакс, оң жақ сирақ сүйектерінің ашық сынуы, II-III дәрежелі травматикалық шок. Пациенттің жағдайы өте ауыр, бұл көпжарақат пен ауыр травматикалық шокқа байланысты", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

15 тамызда пациенттің жағдайы бойынша облыстық мамандар: нейрохирург, реаниматолог және торакалды хирург консультация жүргізіп, тиісті ұсынымдар берген. Емдеу шаралары жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін  экс-депутат Бақытжан Базарбектің Жамбыл облысында 36 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені белгілі болды.  Бүгін экс-депутат жол-көлік оқиғасының болғанын растап, асығыс қорытынды жасамауға және тергеу нәтижелеріне сенуге шақырды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0