Жақсылық Омардың үкімін апелляция өзгеріссіз қалдырды
Пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған Өскеменнің экс-әкімі, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болған Жақсылық Омардың апелляциялық соты өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
20 мамырда ШҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Жақсылық Омардың апелляциялық ісі қаралды.
— Айыпталушы Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1 және 2-тармақтары, 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша (алаяқтық және пара алу) сотталған болатын. Бірінші сатыдағы сот үкімімен Жақсылық Омар мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салына отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Іс жәбірленуші мен қорғаушылардың апелляциялық шағымдары негізінде қаралды. Олар тағайындалған жазамен келіспей, оны тым қатаң деп санаған, — деп хабарлады ШҚО сотынан.
Сот алқасы бірінші сатыдағы сот айыпталушының әрекеттерін дұрыс саралаған, ал жаза түрі мен мөлшері заң талаптарына қатаң сәйкес тағайындалған деген қорытындыға келді.
— Сондай-ақ сот ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысының қоғамдық қауіптілігін, мемлекеттік билік беделіне және қоғамның оған деген сеніміне нұқсан келтіретінін ескерді. Сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды, — делінген ақпаратта.
Еске салсақ, Еске салсақ, бұған дейін Жақсылық Омардың 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылғаны хабарланған. Сондай-ақ оның мүлкі, яғни Toyota Camry автокөлігі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0