«Жамбасымнан ұстады»: Матчқа барған блогер қазақ жігіттерінің әрекетіне ашынды (ВИДЕО)

Қазан 1, 2025 - 19:39
Қазан 1, 2025 - 20:03
«Жамбасымнан ұстады»: Матчқа барған блогер қазақ жігіттерінің әрекетіне ашынды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Блогер Сабина Мовлаева "Қайрат" - "Реал Мадрид" матчында болған жағымсыз жайтты айтып берді, деп хабарлайды ozgeris.info

Сабинаның айтуынша, ойыннан кейін қазақ жігіттері адамның көптігін пайдаланып қыздардың ұятты жерлеріне қол жүгірткен.  

"Ұят та болса айтайын сіздерге. Футболда барлық нәрсе ұнады. Тек бір нәрсе ұнамай қалды. Мен матчтарға ылғи ініммен баратынмын. Осы жолы ол босамай қалып, құрбыммен баруға тура келді. Содан кейін бір қолдар пайда болды. Шынын айтатын болсам, біреулер жамбасымнан ұстап кетіп жатты. Мен барлығы сияқты киініп бардым, ашық-шашық, тырысып тұрған киімде болған жоқпын. Артыма қарасам қазақ азаматтары. Құрбыма айтсам, оған да солай істепті. Біз қазақтар қорғай ма деп шетелдіктерден қорқып жүрсек, олардың ісі анау. Сонда бізді кім қорғайды? Мен максималды тез шығып кетуге тырыстым. Итеріліп, паника ұстап кеттім... Өз жерімде неге олай?", деді ол. 

@jaykyzykushin кәзір көп болып барады ұятсыздар қиын қиын #сабина #футбол #кайрат #кайратреалмадрид ♬ оригинальный звук - jaykyzykushin

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow