Жамбыл облысында екі адамды ит талап тастады

Зардап шеккен адамдардың жартысынан көбісін иесі бар ит талаған.

Наурыз 5, 2024 - 11:58
Жамбыл облысында екі адамды ит талап тастады

Жамбыл облысында қаңғыған иттер талаған екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ауыл маңынан өтіп бара жатқан жолаушылар 20 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызды иттер талап жатқан жерінен құтқарып қалды. Сол күні қала маңындағы Барысхан алқабында мектеп оқушысы иттердің жемтігіне айнала жаздады. Жеткіншекті де дер кезінде көріп қалған көршілері құтқарып қалған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Жамбыл облыстық ветеринария басқармасы иттер шабуылдаған екі аймаққа да арнайы бригада жіберіліп, жүзге жуық иттің көзін жойғанын айтып мәлімдеме жасады.

Жамбыл облысы ветеринария станциясы директорының міндетін атқарушы Ғабит Кебеев тек қаңғыбас ит қана емес, жер үйдегілердің де иті қөбінесе байланбайды дейді.

Оның айтуынша, зардап шеккен адамдардың жартысынан көбісін иесі бар ит талаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow