Жаңа Конституцияны мектептер мен жоғары оқу орындарында оқыту ұсынылды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстанда Конституцияны мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытуды ұсынды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Үкімет отырысында премьер-министр жаңа Конституцияны түсіндіру жұмыстары туралы айтты.
“Қазір Конституциядағы барлық жаңашылдықты түсіндіруге бағытталған жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іске сарапшылар мен қоғам қайраткерлері тартылған”, – деді премьер-министр.
Үкімет басшысы Мәдениет және ақпарат министрлігіне осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Бектенов Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігіне халықтың құқықтық сауатын арттыруға арналған кешенді бағдарламаны әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар Конституция нормаларын мектептер, колледждер мен университеттердің оқу бағдарламасына енгізуді ұсынды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0