Жаңа Конституцияның мәтіні жарияланды

Ақпан 12, 2026 - 09:41
 0  19
Жаңа Конституцияның мәтіні жарияланды
Фото: presidentlib.kz

Қазақстанның жаңа Конституциясының соңғы мәтіні Aikyn газетінде жарияланды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда республикалық референдум өтетіні туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Бюллетеньде бір ғана сұрақ болады: "2026 жылдың 12 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?".

Жаңа Ата заң қабылданған жағдайда парламент өз өкілеттігін 1 шілдеден бастап тоқтатады. 

"Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде президент Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс және ол екі ай ішінде өткізілуге тиіс", - делінген құжатта. 

Бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде президент Құрылтайдың келісімімен вице-президентті тағайындайды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0