Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды
Допинг дауына байланысты спорттан бір жылға шеттеттілген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін британиялық Дензел Бентлимен өткізеді, деп хабаралайды Sadat.kz.
Ұлыбританиялық боксшы Дензел Бентли мен венесуэлалық Эндри Сааведра арасындағы жекпе-жек британдықтың жеңісімен аяқталды. 31 жастағы Бентли кездесу тізгінін өз қолына алып, 7-раундта 34 жастағы қарсыласын қапы қалдырды. Төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.
Осы жеңісінің арқасында Бентли орта салмақта WBO нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы белбеуін иеленді. Енді ол осы салмақтың толыққанды чемпионы — қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасады.
Айта кетейік, 2025 жылғы 2 желтоқсандағы Voluntary Anti-Doping Association (VADA) тестілеуі кезінде Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан тыйым салынған заттың анықталды.
Даулы оқиғадан кейін World Boxing Organization (WBO) ұйымы Жәнібек Әлімханұлын 2025 жылдың 2 желтоқсанынан 2026 жылдың соңына дейін кәсіпқой бокстан уақытша шеттетті.
Сонымен қатар, Жәнібек Әлімханұлы IBF чемпиондық белбеуінен айырылғанымен, WBO нұсқасы бойынша атағын сақтап қалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0