Жантүршігерлік төбелес: Қостанайлық тұрғын қарияны аяусыз соққыға жыққан

Қостанайлық тұрғын көшеде қарт кісіні қатыгездікпен соққыға жықты, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Қостанай қаласының орталығында егде жастағы ер адамды соққыға жығу оқиғасы тіркелді.
Оқиға «Тандыр» кафесінің жанында болған. Жантүршігерлік сәт бейнебақылау камераларына түсіп, әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Бейнежазбада белгісіз ер адамның қарияға бірнеше рет күш қолданғаны анық көрінеді.
Жанжалға араша түспек болған әйелге қарамастан, күдікті әрекетін жалғастырған.
Қазіргі таңда оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда. Құқық қорғау органдары бұл жағдайға байланысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.
Желі қолданушылары бұл оқиғаға бейжай қарамай, шабуыл жасаған азаматты жауапқа тартуды талап етуде.
Сіздің реакцияңыз қандай?






