«Жарып жібермек болған»: Сергей Шойгу бір ажалдан қалды
Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Ресей Федерациясының жоғары лауазымды шенеунігіне қарсы қастандықтың алдын алғанын мәлімдеді, деп хабарлады sadaq.kz.
Бұл шенеунік – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу болуы мүмкін, деп хабарлап үлгерді ТАСС, "Московский комсомолец" және SHOT, Mash, Baza секілді телеграм-каналдар.
БАҚ мәліметтері бойынша, қастандықты Украина арнайы қызметтерінің тапсырмасымен диверсанттар тобы дайындаған. Айтылғандай, Шойгу Троекуров зиратында туыстарының қабіріне баруы керек болған. Сол сәтте диверсанттар қабірді Шойгумен бірге жарып жібермек болған.
Алайда бұл ақпаратты растайтын ресми түсініктемелер жоқ.
14 қарашада ФСБ қызметкерлері Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларының біріне қарсы өлтіру әрекетінің алдын алғандарын растаған. Бірақ нақты кімге қарсы әрекет екені айтылмады.
Құзырлы органдардың мәліметтері бойынша, қылмысты дайындау үшін Киев төрт адам жалдаған. Олардың бірі Орталық Азиядан келген заңсыз мигрант бар. Екеуі бұрын сотталған, нашаға тәуелді Ресей азаматтары. Олар Мәскеуде ұсталған. Төртінші фигурант – 46 жастағы Киев тұрғыны Джалолиддин Шамсов делінеде. Оған бұған дейін Ресей құқық қорғау органдары тарапынан адам өлтіру және қару-жарақтың заңсыз айналымы үшін іздеу жарияланған.
Тергеу кезінде ұсталғандардан байланыс құралдары тәркіленді, мессенджерлерде Украина арнайы қызметтерінің қызметкерімен хат алмасуы табылды.
Қастандық ойластырылған жерден гүл салынған вазаның ішіне жасырын бақылау камерасы табылған. Ол қашықтан басқарылады және деректерді шетелге жіберуге қабілетті болған. Украина арнайы қызметі оларға есірткімен төлем жасауға уәде еткен.
Бұған дейін Мәскеуде Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды тағы бір офицеріне қарсы теракттың алдын алынғаны хабарланған еді. Бұл диверсияны да Украина арнайы қызметтері дайындаған. Террористер қаладағы тығыз қоныстанған ауданда бомбаны жарып жіберуді жоспарлаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?