«Жасы 40-та, енді сабырлы болу керек қой»: Айкерім Қалаубаева сынға ұшырады (ВИДЕО)
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Белгілі әнші Айкерім Қалаубаеваның жаңа бейнебаяны желіні шулатты, деп хабарлайды Skifnews.kz
Су жаңа «Жүрек неге жылайды?» бейнебаянында ол сахнада белін бұлғап, 18 жастағы қыздай қимылдап, көпшілікті таң қалдырды.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі «40-тағы әйел ғой, әйтпесе бізден мықты билейді!», «Не деген пластика, харизма ұрып тұр ғой бұл қызда!», «Қартаймайды екен бұл әпшем!», «Биші ғой енді, билемесе күнә шығар», деп қолдаса, енді біреулер әншіні қатаң сынға алды.
Көпшілік «Жасы 40-та, енді сабырлы болу керек қой», «Қазақ әйеліне мұндай образ жараспайды», «Бұрын мәдениетті еді, енді хайп қуып жүр», — деп пікір білдірді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






