Желіде 23 жыл бұрын түсірілген мектептегі бейнежазба тарады

Қаңтар 8, 2026 - 12:32
Қаңтар 8, 2026 - 12:33
 0  31
Желіде 23 жыл бұрын түсірілген мектептегі бейнежазба тарады
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде  2002 жылы  ашық сабақ кезінде түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Sadaq. kz.

Видеодағы оқушы қыз Оралайдың айтуынша, көркем еңбек пәнінің мұғалімі ашық сабақ кезінде арнайы камера жалдап, осы сәтті естелік ретінде таспалаған. Ұстазына осы бейнежазба үшін алғысын білдірді. 

Желі қолданушылары «Қандай керемет ұстаз», «Қазіргі мектеп пен сол кездің жағдайы аспан мен жердей екен», «Шынайы сабақ осындай еді. Оқушылардың да білімі шынайы болатын», «Біздің де мұғалімдер осылай киінетін. Тақта мен пеш көзіме оттай басылды»,– деп пікір қалдырды.

Видео авторы – Оралай Алейдарова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0