«Жер бесігін тербетіп жатыр»: Ринат Зайытов Арман Дүйсеновті жоқтады

Ақын Оралда өткен Арман Дүйсеновті еске алу кешінде марқұмға арнап өлең оқып, композитор туралы естеліктерімен бөлісті.

Қазан 9, 2026 - 15:23
 0  9
«Жер бесігін тербетіп жатыр»: Ринат Зайытов Арман Дүйсеновті жоқтады
Фото: Ozgeris.info

Танымал айтыскер ақын, экс-депутат Ринат Зайытов композитор Арман Дүйсеновті еске алып, көпшіліктің жүрегін тебірентті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ақын Оралда өткен Арман Дүйсеновті еске алу кешінде марқұмға арнап өлең оқып, композитор туралы естеліктерімен бөлісті.

«Арман аға тірі болса, бұл кеш бұл жерде өтпейтін еді. Сіздерге бұл жерде орын болмайтын еді. Ол Астанада, стадионда, байлары бар, Бағланы бар, әншісі бар, продюсері бар – бәрі жиналған кеш болатын еді. Ортасында Арман аға отырады. Бірақ ол Арман ағамыз бар болса. Ал бүгін ол кісі дүниеге келгенде тал бесігін тербеткен Ақжайықтың халқы оның рухын қошеметімен жер бесігін тербетіп жатыр. Ол – заңдылық», – деді ақын.

Сондай-ақ Ринат Зайытов композитормен алғаш танысқан сәті туралы айтып, өлеңін оқыды. 

«2005 жылы онымен танысқанда менде бір-ақ нәрсе болды. “Мен мынаған ілесе алмаймын-ау” деп ойладым. Өте жылдам болатын. “Мына әнге сөз тез керек” дейді болды. Сосын сөзді қорламайды, буыныңды кеспейді, шолтаңдатпайды. Сөзді ғана жазып берсең де, соның ешбір жерін бұзбай, керемет әнге айналдырып беретін қабілетті композитор еді», – деді Ринат Зайытов.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0