«Жерлемей тұрып қоштасқым келді»: Гүлзира Айдарбекова қаралы хабар айтты (ВИДЕО)

Мамыр 18, 2026 - 10:45
app_badging Мамыр 18, 2026 - 10:53
chat_bubble  0 visibility  2
«Жерлемей тұрып қоштасқым келді»: Гүлзира Айдарбекова қаралы хабар айтты (ВИДЕО)
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базарханның мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында көңіл айтып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі жазбасында бұл қайғылы хабардың жанына қатты батқанын, орны толмас қаза екенін жеткізді.  

«3 күннен бері Сәуле сіңілім әрі құрбымды сторисіме салып жатқаным, қуанғанда да, қайғырған сәтімізді де жасыра алмайтынымыз рас, сіздермен бөлісеміз. Екі түн мүлдем ұйықтай алмадым, “Гулеке” деп ыржитып кіріп келіп қалатындай, қоңырау соғатындай. Ташкентке концертке құда-құдағиларымызбен бірге барып, ары қарай бірге демалыс орындарына барып демаламыз деп, келісіміз бойынша Шымкентке демалыс ұйымдастырып, ертерек ұшқанбыз. Ұшақтың қонғаны сол, қаншама  қоңырау. Құрбыларым да, бала-шағам да суық хабарды естіп, тоқтамай хабарласа берген ғой. Жаным тыныш таппай, қонақтарымды тастап, қайта ұшып кеттім. Ең болмаса жер қойнына Сәулешімді жерлемей тұрып, көзіммен көргім келді», – деп жазды продюсер. 

Ол марқұммен қоштасу сәтін еске алып, жиналған жұрттың қайғыдан қабырғасы қайысқанын айтты. 

«Үйіне бардым, кірдім көрдім, моп-момақан болып ұйықтап жатыр, өзі де өте сабырлы еді. Кешкі қонақ асына бауырлары, құрбыларым жиналып күтіп отыр екен, жылау да жылау болып түнде үйімізге тарадық. Бүгін Ташкентте концертіміз, Жұлдыз, Заңғар, Индираға сендер жаназасына, құранға барыңдар, Сәуле туған сіңлімдей жақын екенін білесіңдер деп, өзім амалсыз қайта ұшып кеттім. "Иә, анашым" деп түгел барып, көңіл-күйлері түсіп қайтты. Келгендердің бәрі, ерлер де, әйелдер де егіліп жылап, тіптен сөйлей алмай қимастықтарын білдірді», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0