Жетісу облысында әйелін атпен сүйреп өлтірген Айбар Жанболат 14 жылға сотталды

Қаңтар 9, 2026 - 11:19
 0  3
Жетісу облысында әйелін атпен сүйреп өлтірген Айбар Жанболат 14 жылға сотталды

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық соты былтыр маусымда әйелі Айзат Жұманованы азаптап өлтірген Айбар Жанболатты 14 жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бұл туралы Жоғарғы соттың ресми парақшасында хабарланған. Іс Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1 тармағы бойынша, яғни, «Адам өлтіру» тармағы бойынша қаралған болатын.

«Сот анықтағандай, 2025 жылдың 22 маусымында түнгі сағат 00:00 шамасында Айбар Жанболат алкогольдік масаң күйде бола отырып, жәбірленуші Айзат Жұманованы үй ауласынан қақпа сыртына шығарып, оның өмірлік маңызды мүшелеріне бірнеше рет соққы жасаған. Алған жарақаттарынан әйел ауруханада қайтыс болды», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сотта күдіктінің кінәсін сараптама, куәлардың айғақтары, тергеу толықтай дәлелдеп шыққан. Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша ең шекті мерзім 15 жыл. Сот Айбар Жанболатты 14 жылға соттады.

«Айбар Жанболат бұрын сотты болмаған. Кінәсін ішінара мойындады. Алайда, іс бойынша қылмыстың алкогольді масаң күйде жасалғаны ауырлататын мән-жай ретінде анықталғанын ескере отырып, сот Ж.-ны кінәлі деп танып, жаза мерзімін осы бапта көзделген жазаның ең жоғары шегіне жақындатып, соттады. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түрмеде өтеді», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0