Жезқазғанда 22 жастағы қыз он жылға сотталды

Қазан 2, 2024 - 16:30
Қазан 2, 2024 - 16:30
Жезқазғанда 22 жастағы қыз он жылға сотталды

Жезқазғанда 22 жастағы қыз он жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотта анықталғандай, 2023 жылдың тамызында қаланың 22 жастағы жұмыссыз тұрғыны интернет арқылы белгісіз біреумен танысқан. Ол бұған есірткі заттарын сақтау үшін тасымалдаушы болуды ұсынған. Қызға ақша керек болғандықтан «куратор» ұсынған шартқа келіскен. Оның міндеттеріне есірткіні қабылдау, оларды орау және сақтау, кейіннен орындалған жұмыстың көлеміне қарай ақы төлеу кірген.

Белгісіз адаммен алдын ала сөз байласып, ол пакеттерді геолокация бойынша алып, оларды буып-түйіп, қалада 60 пакетті сатып, оның тұрған жерін суретке түсірген.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі тасымалдаушы ұсталып, аталған пакеттер мен телефон тәркіленді.

Тергеу барысында басқа аймаққа кетпеу туралы қолхаты бола тұра, «келу міндеттемесін» ескермей, есірткі тасымалдаушы Шахтинск қаласына қашып кетіп, қылмыстық әрекетін ұқсас схемамен сол жерде жалғастырған. Тәртіп сақшылары қызды ұстап, оның тұрғылықты жерінен есірткі заттары, буып-түюге және бума жасауға арналған құрылғылар табылды.

Қызға электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, бір топ адамдар алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сақтады деген айып тағылды (ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1), 2), 3 ), 5) тармақтары). Оның кінәсі куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, бетбелгілердің фотосуреттері табылған телефондарды қараумен, куратормен хат алмасумен және басқа да іс материалдарымен дәлелденді. Сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген сот хабарламасында.

Апелляция істің барлық мән-жайын зерделей келе, үкім заңды және жасалған қылмысқа сәйкес деп таныды.

Үкім заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow