«Жылап жүріп халықтан көлік алды»: Абиба Әбужақынова өзін сынаушыларға жауап берді
Дзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері Абиба Әбужақынова «7-арнадағы» Әйгерім Сейфолланың «Сырласу» бағдарламасында қонақта болып, өзін сынағандарға жауап берді, деп жазады 1bol.kz.
Дзюдошы Париж Олимпиадасында жүлдеге іліне алмай қалған болатын. Соған қарамастан отандық кәсіпкерлер оған бірнеше көлік сыйға тартты.
«Абиба әдейі жылап жүріп халықтан көлік алды» деген пікірлер жазылды. Сол адамдар менің бұрынғы күресімді көрмеген шығар, себебі мен бұрыннан қуансам да, ұтылып жыласам да, эмоциямды татамиде көрсетемін. 2023 жылғы әлем чемпионатында иығымнан жарақат алып, бесінші орын алдым. Қола медаль үшін күресте жеңілідм. Өйткені қолымды көтере алған жоқпын. Күйінгеннен татамиде жыладым. Соны көріп қолдағандар да бар. Ал Олимпиада ойындарын бәрі көрді, сондықтан бірден танып қалды. Жаман пікір жазғандар да бар, бірақ сондай көп емес – 10 пайыз шығар», - деді Абиба.
Оның айтуынша, спортшы жарақат алған кезде ешкімге керек болмай қалады.
«Жеңілген кезде және жарақат алған кезде ешкімге керек емессің. «Көзден кетсең, көңілден кетесің» деген рас сөз. Әсіресе спортта солай. Жоқ болсаң, сені ешкім іздемейді де», - деп ойын айтты ол.
Абужақынова Олимптада ойындарынан келгелі ешқандай жарысқа қатысқан жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?