«Жұмысынан сұранып, туысымен барған»: Блогер Сәуле Базарханның жақындары жанайқайын айтты

Мамыр 22, 2026 - 11:02
app_badging Мамыр 22, 2026 - 11:03
chat_bubble  0 visibility  1
«Жұмысынан сұранып, туысымен барған»: Блогер Сәуле Базарханның  жақындары жанайқайын айтты

Алматыда ота кезінде көз жұмған блогер Сәуле Базарханның қазасына қатысты жекеменшік пластикалық хирургия клиникасына тексеріс басталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.


КТК арнасынң мәліметінше, 53 жастағы Сәуле Базархан липосакция жасату үшін клиникаға өз аяғымен барған. Алайда жоспарлы отадан кейін ол көз жұмған. Қазір марқұмның туыстары өлімнің нақты себебін анықтауды талап етіп отыр.

 
Жақындарының айтуынша, Сәуле Базархан ота жасалатын күні жұмыстан екі сағатқа сұранып кеткен. Клиникаға туысымен бірге барған. Дәрігерлер операция шамамен бір жарым сағатқа созылатынын айтқанымен, уақыт өте ешқандай ақпарат берілмеген.


«Сағат төрттен кейін алып кіріп кетті. “Бір жарым сағаттай болады” деген. Бірақ уақыт өтіп жатса да ешкім ештеңе түсіндірмеген. Дәрігерлер ары-бері жүгіріп жүрген. Кейін жедел жәрдем келіп, қайта шығып кеткен», – дейді марқұмның ағасы Болатхан Ермаханов.


Туыстарының сөзінше, қаралы хабар оларға тек бірнеше сағаттан кейін ғана жеткен.
Марқұмның жақындары Сәуле Базарханның өмірге құштар, белсенді жан болғанын айтады. Ол стоматология саласында еңбек еткен, жүзуді жақсы көрген әрі әлеуметтік желіде миллионнан астам оқырманы болған. Артында екі баласы қалды.


Қазір аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның туыстары кінәлілердің жауапқа тартылып, оқиғаның толық әрі әділ тергелуін талап етіп отыр.



Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0