Қазақстаннан пана таба алмаған қарақалпақ белсенділеріне АҚШ босқын мәртебесін берді
Бұған дейін халықаралық құқық қорғау ұйымдары ресми Астананы белсенділерді елдеріне қайтармауға үндеп, олардың өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін айтқан.
Төрт қарақалпақ белсендісі, Өзбекстанның экстрадициялық талаптары бойынша Алматыдағы тергеу изоляторында шамамен бір жыл өткізіп, АҚШ-қа ұшып кетті, онда оларға баспана берілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Азаматтық белсенділер Жанғылды Жақсымбетов, Тлеубике Юлдашева және Райса Құдайбергенова отбасымен бірге ұзақ күттірген бостандық жолына аттанды.
AsiaTerra ақпараттарына сүйенсек, тағы бір топ мүшесі Зиуар Мирманбетованың ұшу уақыты құжаттарын рәсімдеудегі кідіру себебінен кейінге қалдырылды. Алматылық «бестік» белсенділерінің тағы бірі Қошкарбай Төреуратов қазіргі уақытта Польшада, баспана сұрау туралы шешім күтіп отыр.
Өкінішке қарай, Қазақстандағы тергеу изоляторында Өзбекстан тарапынан саяси айыптаулар бойынша экстрадициялық тұтқында болған үш қарақалпақ қалды.
Еске салсақ, 2022 жылы күзде Orda.kz белсендінің ұсталғаны жайлы жазған болатын. Сол кезде бірнеше қарақалпақ белсендісі құқық қорғаушылардың айтуынша, Өзбекстан билігінің сұрауымен Қазақстанда ұсталыпты. Қазақстан олардың босқын мәртебесін беру туралы өтініштерін мақұлдамады.
Бір жыл қамаудан кейін олар 2023 жылы күзде босап шықты. Алайда құқық қорғаушылар Өзбекстан билігінің сұрауы әлі күшінде екенін, оларды экстрадициялауы мүмкін деп қауіптенеді.
Ұсталғандардың бірі Ақылбай Мұратов та Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмай отыр.
Бұған дейін халықаралық құқық қорғау ұйымдары ресми Астананы белсенділерді елдеріне қайтармауға үндеп, олардың өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін айтқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?