Ұшақ апатынан тірі қалған стюардессаның видеосы тарады
Ақтауда 25 желтоқсанда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағынан тірі қалған 29 адам ауруханаға жатқызылды. Солардың арасында тірі қалған бортсерік те бар, деп жазады Alash.KZ.
Жалпы ұшақта 5 экипаж мүшесі болған. Олардың үшеуі қаза тауып, екеуі аман қалған еді. Тірі қалған бортсеріктің бірі Айдан Рагимли қазір ауруханада жатыр. Әзербайжандағы БАҚ беттерінде стюардесса Айдан Рагимли ауруханада жатқан видеосы жарияланды. Айдан Рагимли 1999 жылы дүниеге келген.
Ұшақ апатынан Әзербайжанның 37 азаматының 14-і аман қалды, 23-і қаза тапты. Қырғызстанның 3 азаматының бәрі дін-аман. Ресейдің 16 азаматының жетеуі қаза тапты. Борттағы Қазақстанның 6 азаматының барлығы көз жұмды.
Сіздің реакцияңыз қандай?