"Әкесі жұмысқа, анасы базарға кеткен". Аягөздегі төрт баланың өліміне қатысты тың дерек пайда болды
Кеше, 25 қазан күні Аягөз қаласында бір үйдің төрт баласы - 8 жастағы екі егіз бен 3 және 2 жастағы бүлдіршіндер өрттен қаза тапты. Бұқаралық ақпарат құралдары оқиғаның мән-жайын жазып жатыр, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.
Бірнеше басылымның жазуынша, балалардың әкесі жергілікті жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Ал, әлеуметтік желідегі кейбір дереккөз балалардың анасы базарға сүт сатуға кеткен деп жазса, бірнеше БАҚ анасының азық-түлік алуға кеткен деп жазды.
Абай облысының әкімдігі өрттің мән-жайын төтенше жағдайлар қызметі анықтап жатқанын хабарлады. Әкімдік үйде газ баллоны жарылды деген ақпаратты растаған жоқ.
"Жергілікті әкімдік тарапынан балалары қаза болған отбасыға жан-жақты көмек беріліп жатыр", - деп хабарлады Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 25 қазан күні Аягөзде бір үйдің төрт баласы өрттен қаза тапты. sadaqmedia.kz редакциясы оқиғаны назарда ұстайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?