Әсел Сәдуақасова өзінен жеті жас кіші күйеуімен ажырасып кетті

Қараша 28, 2024 - 01:28
Әсел Сәдуақасова өзінен жеті жас кіші күйеуімен ажырасып кетті

Әнші, актриса, кинопродюсер Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz. Бұл туралы актрисаның өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Әсел оқырмандары тарапынан күйеуімен ажырасып кеткені туралы айтылған болжамды растады.

"4 қазанда біз ресми түрде ажырастық", - деп жазды ол.

Актрисаның айтуына қарағанда, ажырасу туралы қадам екеуінің ортақ шешімі болған. 

"Бірден айтайын. Мағжан маған жақын адам болды және болып қала береді. Мен оған бәрін ашық айта алатынмын, сендім және біз бір-бірімізге ең жақын адам болдық, бірақ біз отбасы ретінде ортақ тіл табыса алмадық", - деді Әсел Сәдуақасова.

Еске салайық, Әсел Сәдуақасова "Поток" жобасының негізін қалаушы Мағжан Тілеуханмен 2023 жылғы маусымда шаңырақ көтерген еді. Кейінірек актрисаның күйеуі өзінен жеті жас кіші екені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow