«Әнебір мультикке барып қыртып жатырсыңдар»: Бадықова «Моанаға» барған жұртты сөкті
Танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова «Таптым-ау сені-2» фильмінің тұсаукесерін жасап, көрермен назарына ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
«Моанаға» барып «позор» болып отырмайық. Бөтен елге ақшаны жіберіп, оларды байытуды қойғанымыз дұрыс. Ашығын айтамын. 27 қарашада Моанаға барған қазақтар болды. Бірақ оларды сөкпеймін. Тек қандай қазақ екенін түсінбеймін. Сондықтан байыса қазақ байысын. Ештеңе жоқ, - дейді Дариға Бадықова.
Айта кетейік, Дариға Бадықова түсірген «Таптым-ау сені-2» фильмімен қатар Голливудтың «Моана» мультфильмінің де екінші бөлімі көрерменге жол тартты. Қос туындының тұсаукесері қатар келуіне байланысты ол журналистерге де пікір білдірген еді.
Кавказ халқын алсақ, олар өздерінің шығарған дүниесіне барады. Түріктер де өздерін қолдайды. Енді біз қазақтардың сыналатын уақытына келіп тұрмыз. Себебі осы жолы Голливуд пен Қазақстанның текетіресі болады. Біздің аудитория, көрермендер үлкен қаржыны көтере алатын деңгейде ғой. Сондықтан да, бір Құдай біледі. Мен Құдай емеспін ғой. Ештеңені былай болады деп алдын ала болжап айта алмаймын. Бір миллиард жинаймын, екі миллиард жинаймын деп айта алмаймын. Құдай абырой берсін. Әрине, қорқыныш бар. Бұл менталды комедия. Әр отбасында болып жатқан жағдайды картиналадық. Өзімнің арманым – осы. Ұшақ ұшырып, парашют құлатқым келмейді. Қазақтың менталды комедияларын түсіргім келеді, - дейді продюсер.
Бадықова көрермендеріне «сендер қазір анау бір мультикке барып қыртып жатырсыңдар ғой, не үшін барып жатқандарыңды білмеймін, не үшін Голливудқа шапан кигізіп жатқандарыңды түсінбеймін» дейді.
«Моана-2» және қазақстандық «Таптым-ау сені-2» кинотеатрларда қатар шығып жатыр. Актрисаның бұл сөзін сынап жатқандар бар.
«Өз комедиясымен қазақтың патриоттық деңгейін өлшемекші», «әр адам өзі біледі ғой», «бүгін Моанаға бардым, керемет», «керек кезінде паториоттығы оянатын актерлер ренжіп қалыпты», деп оның пікіріне қарсы ойлар көп жазылған. Кейбір оқырмандар қазақ көрермендеріне тек арзан әзілге толы отандық фильмдер ұсыныла беретінін ашық жазған.
Сіздің реакцияңыз қандай?