«10 жыл бұрынғы әңгіме»: Асхат Садырбай бұрынғы әйеліне қатысты мәлімдеме жасады

Желтоқсан 28, 2024 - 18:12
 0  121
«10 жыл бұрынғы әңгіме»: Асхат Садырбай бұрынғы әйеліне қатысты мәлімдеме жасады

Белгілі тележүргізуші Асхат Садырбай бұрынғы әйелінің өзінен қорлық көрді деген мәлімдемесіне қатысты үндеу жасады. 

Үндеуінде өзіне қатысты айтылып жатқан ақпараттардың барлығы да ойдан шығарылған оқиға, жалған ақпарат екенін айтқан. 

«Құрметті достар! 10 жыл бұрынғы әңгіме, ойдан шығарылған оқиға, жалған ақпарат тарату, өтірікті шындай айту арқылы менің жеке басыма, отбасыма, іскерлік беделіме нұқсан келтіру мақсатында жасалып жатқан дүрмекке ермеулеріңізді сұраймын! Арнайы тапсырыспен жасалып жатуы да мүмкін. Кішкене күтіңіздер! Заң аясында бәрі анықталады!», — деп жазды ол.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0