Delta Bank ісі: бизнесмен Нұрлан Тілеубаев 10 жылға сотталды

Қазан 31, 2023 - 10:58
Қараша 10, 2023 - 00:52
Delta Bank ісі: бизнесмен Нұрлан Тілеубаев 10 жылға сотталды

Қаржы мониторинг агенттігі "Delta Bank" ісі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды sadaqmedia.kz. 

Тергеу анықтағандай, 2012-2017 жылдар аралығында Нұрлан Тілеубаев (Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер рейтингіне енген) қайтарылмайтын несиелер беру арқылы Банктен қаражатты алып шығарған.

"Тергеу барысында Нұрлан Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді.  

Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен $5 млн болатын Palm Jumeirah орналасқан вилла бар",-деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесін (құны 27 млрд теңге) қамауға алу санкцияланды.  Нұрлан Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан (13 жер телімі, 40 көлік, 1 пәтер, 4 ғимарат) Проблемалық несие қорына берілген. 

"Сот үкімімен Н.Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды",-деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow