«16 тәжік жігіті қатысқан»: Ұлттық ұлан академиясында жаппай төбелес болды

Сәуір 14, 2025 - 09:22
«16 тәжік жігіті қатысқан»: Ұлттық ұлан академиясында жаппай төбелес болды
фото: zakon.kz

Петропавлдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясында бірінші курс курсанттары төбелесті. Бұл туралы ақпарат жергілікті пабликтердің бірінде пайда болды.

Мұндағы мәлімет бойынша, жанжалға 41 адам қатысқан. Араларында осы оқу орнында оқып жатқан 16 Тәжікстан Республикасының азаматтары да бар. 

Бұл фактіні ҚР Ұлттық ұланы академиясының баспасөз қызметі растады.

– Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында болған бірінші курс курсанттары арасындағы қақтығыс фактісі бойынша тексеріс жүріп жатыр. Оқиға нәтижесінде бірнеше курсант жеңіл дене жарақаттарын алған. Оларға тиісті медициналық көмек сол жерде көрсетілді, ауруханаға жатқызу қажеттілігі болмады. Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр, - деп жауап берді баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow