Алматы прокурорлары пандусы жоқ 13 банкке 9 млн теңге айыппұл салды

Қараша 15, 2023 - 10:03
 0  68
Алматы прокурорлары пандусы жоқ 13 банкке 9 млн теңге айыппұл салды
Сурет ашық дереккөзден алынды

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіріп-шығуына жағдай жасамағыны үшін 13 банкке айыппұл салды, деп хабарлайды sadaqmedia.

Прокурорлармен кездескен кезде мүгедектер қоғамының өкілдері қаладағы екінші деңгейлі банктердің бөлімшелерінде кіріп-шығуға жағдай жасалмағанын айтқан. Осыны негізге ала отырып Алматы қаласының прокурорлары тексеру жүргізген.

“Прокурорлар банктердің бірде-бір бөлімшесі қойылған талаптарға сәйкес еместігін анықтады, яғни пандус, мнемосхема, арнайы касса не талапқа сай емес, не мүлде жоқ болып шықтық. Ал, Алматыда мүмкіндігі шектеулі 50 мыңнан астам адам тұрады”, - деп жазды  Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Заңнаманы бұзғаны үшін 13 банкке 9 млн теңге айыппұл салынған. Қазір 8 банк прокурорлардың ұйғарымын орындап, бөлімшелерінің кіреберістерін жөндеген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0