Қанды қаңтар: Айкөркем Меделханның әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Бүгін Алматы гарнизонының әскери соты төрт жасар Айкөркем Меделханның әкесі Айдос Меделханның үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды sadaqmedia. Бұл туралы Orda сайты жазады.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сот іс бойынша айыпталушы Арман Жұманды ақтап шыққан.
“Сот маған қатысты 119 бап бойынша, яғни, “Қауіпті жағдайда қаддыру” бабы бойынша іс қозғауды талап етіп отыр. Қызымның өліміне мені кінәламақшы. Алайда, нағыз қылмыскерді ақтап отыр. Сөзім жоқ”,-деп жазады сайт Айдос Меделханның сөзін келтіре отырып.
Сіздің реакцияңыз қандай?