"Отбасы банк" екінші деңгейлі банк қатарынан шығады
"Отбасы банкі" енді азаматтарды есепке қою мен тұрғын үй бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функцияларын атқарады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.
Оның айтуынша, осы өзгеріске байланысты "Отбасы банкін" ұлттық даму институты ретінде қайта құру көзделіп отыр. Заң жобасына сәйкес, "Отбасы банкіне" азаматтарды есепке қою мен тұрғын үй бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функциялары беріледі. Аталған функцияларды беруді ескере отырып, оны екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығару ескерілген. Сәйкесінше, «Отбасы банк» банктік және басқа да операцияларды тиісті лицензиясыз жүзеге асырмақ.
"Қазір қолданыстағы заңнама бойынша жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйге есепке қою және оны жүргізу, сондай-ақ тұрғын үйді бөлу әрі беру бойынша функцияларды жүзеге асырады. Заң жобасы аясында бұл функцияларды Отбасы банкіне беру ұсынылған. Бұл ретте азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде қалады. Оны тұрғын үй салу және сатып алу арқылы іске асыратын болады. Осыған байланысты Отбасы банкін ұлттық даму институтына айналдыру көзделіп отыр", - деді Қанат Шарлапаев мәжілісте.
Сіздің реакцияңыз қандай?