Ақтөбеде оқушы кеңірдегін партаға соғып, қаза тапты

Желтоқсан 14, 2023 - 16:01
 0  519
Ақтөбеде оқушы кеңірдегін партаға соғып, қаза тапты
Сурет ашық дереккөзден алынды

Ақтөбе қаласында мектеп оқушысы табалдырыққа шалынып құлаған. Сол сәтте кеңірдегін партаның бұрышына соққан ол қаза тапты, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Жергілікті “Диапазон” сайтының мәліметіне сүйенсек, 13 жасар бала жүгіріп келе жатып, сыныптың табалдырығына шалынып құлаған. Құлаған сәтте кеңірдегі партаның бұрышынп тиіп, бала есінен танып қалған. Оқиғаны облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.

“13 жастағы бала құлап, партаға соғылған. Ауруханаға жеткенде бала ес-түссіз хәлде, қан қысымы жоқ күйінде еді.   Кеңірдегінде жырық болды. Дереу реанимация жасадыққ. Алайда, сағат 11:25-те жүрегі тоқтады”,- Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Рүстем Исаев.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 8
😮 Жарайсың 0