«37 жасқа дейін ғана өмір сүремін»: Өлімін болжаған әншінің сұхбаты қызу талқыға түсті
2023 жылдың 24 ақпанында Darkhan Juzz сахналық атымен танылған қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков Таиландта қаза тапқан болатын. Жуырда желіде әншінің өмірден өтерін алдын ала болжағандай әсер қалдыратын сұхбаты қайта тарады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Сұхбаттарының бірінде музыкант өмірі туралы ой бөлісіп, жас кезінен өзіне қатысты пессимистік болжам жасағанын айтқан.
«Мен әрі кетсе 36–37 жасқа дейін ғана өмір сүремін деп ойлайтынмын. Кейін бір қайғылы оқиғадан көз жұмады деп елестететінмін. Алдымен жұлдыз болып, сахнаның сәніне айналып, кейін жоқ боламын деп ойладым. Бірақ уақыт өте бұл ойымнан бас тарттым. Бақытты өмір сүргім келді. Қартайып, немерелерімді көргім келді. Жарқын болашақты көріп, салауатты өмір салтын ұстануды қаладым», – деген еді ол.
Музыканттың бұл сөздері әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Көпшілік оның айтқандарын «ішкі сезімнің белгісі» деп бағалап, марқұмға қатысты жылы лебіздерін білдірді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0