Қазақстан Таяу Шығыс пен Африкаға бітімгершілік күштерін жіберетін болды

Бүгін Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында парламенттегілер бітімгершілік күштерді жіберуді қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Қаңтар 19, 2024 - 11:37
Қаңтар 19, 2024 - 11:46
Қазақстан Таяу Шығыс пен Африкаға бітімгершілік күштерін жіберетін болды
gov.kz

Қазақстан Африка елдеріне бітімгершілік күштерін жібереді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсынысты депутаттардың қарауына жолдады. Бүгін Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында парламенттегілер бітімгершілік күштерді жіберуді қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Заңға сәйкес, бітімгершілік күштерді басқа елдерге жіберу мәселесін Мәжіліс пен Сенат депутаттары бірлесіп шешеді.

"Бүгінде алғаш рет БҰҰ-ның бізге тәуелсіз миссия беруіне қолжеткіздік. Біз өз туымыз астында миссияны орындауға барамыз. Бұл ең маңыздысы. Екіншіден: бізге ұсынылатын міндеттер – аумақты патрульдеу, коменданттық қызметті атқару. Рота резервте болады", - деді Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Бұл ретте министр әскерилер 15 жауынгерлік көлік, инженерлік техника, стандартты қару-жарақ, байланыс құралдары және медициналық қажеттіліктермен қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Сонымен қатар ол БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына жіберілетін тұңғыш дербес контингентке бюджеттен 8 млн доллар қаржы жұмсалатынын айтты.

"Бұл ақшаның бәрі бюджетке салынған. Жалғыз айту керек дүние – бюджетке қару-жарақты, техниканы тасымалдауға қосымша қаржы салынды. Шамамен 8 млн доллардай болады. Бір жыл бойында әр әскери жауынгер ай сайын 1 мың доллар алып отырады", - деді Руслан Жақсылықов.

Жалпы жіберілетін әскерилердің саны - 430. Олардың ішінде 7 әйел бар.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow