43 жастағы ер адам Балқаш көліне батып кетті

Шілде 8, 2026 - 17:11
chat_bubble  0 visibility  2
43 жастағы ер адам Балқаш көліне  батып кетті
Фото: Ашық дереккөз

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 7 шілде күні Балқаш көліндегі Бертіс шығанағында болған. Шомылуға арналмаған әрі тыйым салынған жерде суға түскен 43 жастағы ер адам батып кеткен.

Марқұмның денесі жағалаудан 60 метр қашықтықтан судан шығарылды. Ведомствоның мәліметінше, оқиға болған жерде су түбі күрт тереңдеп, шамамен 2,5 метрге жетеді.

Жыл басынан бері бұл Қарағанды облысында тіркелген судағы сегізінші қайғылы оқиға болды.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды суға түсуге тыйым салынған орындарға бармауға, өз мүмкіндіктерін асыра бағаламауға және балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауға шақырады.

Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қайғылы оқиғалардың алдын алып, адам өмірін сақтауға көмектеседі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0