45 градус ыстық: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Шілде 8, 2026 - 14:55
chat_bubble  0 visibility  2
45 градус ыстық: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: istockphoto.com

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында және солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Бұршақ түсіп, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады және екпінді жел күшейеді. 9 шілдеде елдің шығысында әлі де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Одан кейін жауын-шашынсыз ауа райы орнайды.

«Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда да қысқамерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ал республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, күндіз ауа температурасы қатты және өте қатты ыстық болуы ықтимал екенін ескертті.

Еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында +33…+42°С-қа дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +32…+40°С-қа дейін, оңтүстігінде +38…+45°С-қа дейін, ал шығысында +30…+38°С-қа дейін көтеріледі, - дейді синоптиктер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0