5 күн ішінде Каспий жағасында 289 итбалық өлексесі табылды

Қазан 30, 2024 - 11:36
5 күн ішінде Каспий жағасында 289 итбалық өлексесі табылды

Каспий итбалықтарын бақылаушы Әсел Баймұқанованың айтуынша, Каспий теңізнің жағалауына шығып қалған өлі итбалықтардың саны артып келеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Әсел Баймұқанова Instagram-дағы аккаунтында «итбалықтардың жағаға шығып қалуы жалғасуда» деп жазды.

«Итбалықтардың ішінде айқын зорлық-зомбылық белгілері бар. Арқанмен тарту, балық аулау торларынан, дененің кесілген жерлерінен күш қолданғаны көрінеді. Сонымен қатар, осындай белгілері жоқ, қырылу себебі белгісіз көптеген басқа  итбалықтар да бар. Ұрғашы итбалықтардың көбі буаз болатын. Олар неліктен қырылып жатыр? Қазіргі уақытта ештеңе айта алмаймын. Солтүстік Каспийге келгенге дейін олар (денсаулығы) жақсы болды, себебі ұрықтары жетілген, бірақ  кейін белгісіз себеппен қырылып қалды. Ең басты сұрақ — не жағдай болды? Тек биологтар ғана өлім себептерін анықтай алмайды. Экология, химия және технология мамандарының көмегі қажет», — деп жазды зерттеуші Әсел Баймұқанова.
2024 жылдың 24-28 қазан аралығында Әсел Баймұқанованың деректеріне қарасақ 289 өлген итбалық табылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow