Қаңтарда азапталған Қисымбаев денсаулығы нашарлағанын айтты
Былтыр кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында "билікті күшпен алмақ болды" деп айыпталған жеті адамның бірі, Қаңтар оқиғасында өзін азаптағандарды жазалауды талап еткен Ақылжан Қисымбаев сотта денсаулығы нашарлағанын мәлімдеді. Бұл жөнінде "Власть" сайты жазды. 12 қазанда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақылжан Қисымбаев денсаулығы нашарлап бара жатқанын, тергеу изоляторында тиісті күтім жоғын айтты. "Денсаулығым нашар. Аяғым ауырады. Түрмеде ешкім қарамайды. Дәрігерге қаралуым керек. Қанша рет өтініш жаздым. Түрме тұрмақ, бостандықта жүрген кезімде ауруханаға да барғанмын, ол жердің өзінде дұрыс қарамайды" деді Қисымбаев. Сайттың жазуынша, оған "жаппай тәртіпсіздік" (272-бап) "билікті басып алуға шақыру" (179-бап), "экстремистік топқа қатысу"(182-бап) бойынша айып тағылған. Одан бөлек, тағы алты адам – Бағдагүл Андреева, Қонар Сағынкүл, Ержан Төреқұлов, Айдос Иліпбаев, Теңлік Нұрланов және Олжас Құлжахановқа да айып тағылып отыр. Тергеу болжамынша, олар "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру" мақсатында "экстремистік топ құрып", "билікті басып алуды көздеген". Иліпбаевтан басқасының бәрі тағылған айыптарды жоққа шығарған. Қазақстандық құқық қорғаушылар биыл айыпталушылардың ісі саясиланғанын айтып, оларды "саяси тұтқындар" қатарына қосқан. "Мұның бәрі цирк. Қаңтар оқиғасынан бері [азаптау туралы] айтып жүргенімді бәрі біледі. Бізді азаптағандар жазаланбайынша күресімді тоқтатпаймын. Олар менің ауызымды жабу үшін отырғызды. Бұл айдан анық нәрсе. Тек бір нәрсені түсінбеймін: мына менімен отырған балалардың не жазығы бар" деді Қисымбаев сотта. Қаңтар оқиғасы кезінде азапталған Қисымбаевтың айтуынша, азапталған өзге азаматтар тәрізді азаптау бойынша түсірген шағымы қараусыз қалған. "Бірақ ол істі қайтадан көтереміз. Себебі мені азаптағандардың барлығы бостандықта жүр" деді ол. Былтыр кезектен тыс президент сайлауы алдында ұлттық қауіпсіздік комитеті сайлау күні билікті басып алмақ болды деп 7 адамды ұстағанын мәлімдеген. Ұсталғандарды шетелде тұратын банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовқа "көңілі ауғандар, тыйым салынған ҚДТ мен "Көше партиясын" қолдаушылар, криминалдар" деп сипаттаған. Өзге ақпаратты қылмыстық кодекске сілтеп, құпия қалдырған. Ал Әблязов мұны "биліктің қорқынышы" деп атаған. Ұсталғандардың туыстары бұл айыптауға сенбей, оларды босатуды талап еткен. Қазақстан билігі экстремистік деп таныған ҚДТ мен "Көше партиясын" Еуропарламент қарарында "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атайды. Ақылжан Қисымбаев – Қаңтар кезінде жарақаттанып, ауруханаға жатқызылған, сол жерден арнайы жасақ ұстап әкетіп, тергеу изоляторында азапталғандардың бірі. Ол былтырдан бері өзін азаптағандарды жазалауды талап етіп келеді. Құқық қорғаушылардың айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде азапталғандардың басым бөлігінің арызы қараусыз қалған, азаптау істері жабылған. Билік Қаңтарды халықаралық дәрежеде зерттеу туралы ұсынысты кері қаққан.
Былтыр кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында "билікті күшпен алмақ болды" деп айыпталған жеті адамның бірі, Қаңтар оқиғасында өзін азаптағандарды жазалауды талап еткен Ақылжан Қисымбаев сотта денсаулығы нашарлағанын мәлімдеді. Бұл жөнінде "Власть" сайты жазды. 12 қазанда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақылжан Қисымбаев денсаулығы нашарлап бара жатқанын, тергеу изоляторында тиісті күтім жоғын айтты.
"Денсаулығым нашар. Аяғым ауырады. Түрмеде ешкім қарамайды. Дәрігерге қаралуым керек. Қанша рет өтініш жаздым. Түрме тұрмақ, бостандықта жүрген кезімде ауруханаға да барғанмын, ол жердің өзінде дұрыс қарамайды" деді Қисымбаев.
Сайттың жазуынша, оған "жаппай тәртіпсіздік" (272-бап) "билікті басып алуға шақыру" (179-бап), "экстремистік топқа қатысу"(182-бап) бойынша айып тағылған. Одан бөлек, тағы алты адам – Бағдагүл Андреева, Қонар Сағынкүл, Ержан Төреқұлов, Айдос Иліпбаев, Теңлік Нұрланов және Олжас Құлжахановқа да айып тағылып отыр.
Тергеу болжамынша, олар "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру" мақсатында "экстремистік топ құрып", "билікті басып алуды көздеген". Иліпбаевтан басқасының бәрі тағылған айыптарды жоққа шығарған. Қазақстандық құқық қорғаушылар биыл айыпталушылардың ісі саясиланғанын айтып, оларды "саяси тұтқындар" қатарына қосқан.
"Мұның бәрі цирк. Қаңтар оқиғасынан бері айтып жүргенімді бәрі біледі. Бізді азаптағандар жазаланбайынша күресімді тоқтатпаймын. Олар менің ауызымды жабу үшін отырғызды. Бұл айдан анық нәрсе. Тек бір нәрсені түсінбеймін: мына менімен отырған балалардың не жазығы бар" деді Қисымбаев сотта.
Қаңтар оқиғасы кезінде азапталған Қисымбаевтың айтуынша, азапталған өзге азаматтар тәрізді азаптау бойынша түсірген шағымы қараусыз қалған.
"Бірақ ол істі қайтадан көтереміз. Себебі мені азаптағандардың барлығы бостандықта жүр" деді ол.
Былтыр кезектен тыс президент сайлауы алдында ұлттық қауіпсіздік комитеті сайлау күні билікті басып алмақ болды деп 7 адамды ұстағанын мәлімдеген. Ұсталғандарды шетелде тұратын банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовқа "көңілі ауғандар, тыйым салынған ҚДТ мен "Көше партиясын" қолдаушылар, криминалдар" деп сипаттаған. Өзге ақпаратты қылмыстық кодекске сілтеп, құпия қалдырған. Ал Әблязов мұны "биліктің қорқынышы" деп атаған. Ұсталғандардың туыстары бұл айыптауға сенбей, оларды босатуды талап еткен.
Қазақстан билігі экстремистік деп таныған ҚДТ мен "Көше партиясын" Еуропарламент қарарында "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атайды. Ақылжан Қисымбаев – Қаңтар кезінде жарақаттанып, ауруханаға жатқызылған, сол жерден арнайы жасақ ұстап әкетіп, тергеу изоляторында азапталғандардың бірі. Ол былтырдан бері өзін азаптағандарды жазалауды талап етіп келеді.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде азапталғандардың басым бөлігінің арызы қараусыз қалған, азаптау істері жабылған. Билік Қаңтарды халықаралық дәрежеде зерттеу туралы ұсынысты кері қаққан.
Сіздің реакцияңыз қандай?