АЭС бойынша сауалнама: 47% қолдайды, 38% қарсы

Қазақстандықтардың 46,6 пайызы атом электр станциясын салуды қолдаса, 37,7 пайызы қарсы. DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы жүргізген сауалнама нәтижесі осыны көрсеткен. Сауалнама биыл 22 қыркүйек пен 4 қазанда Конрад Аденауэр қоры мен PaperLab зерттеу орталығының қолдауымен бірігіп жүргізілген. "DEMOSCOPE сауалнамасының нәтижесі Қазақстанда АЭС салуға қатысты қоғам пікірі екіге жарылғанын көрсетті. Сауалнамаға қатысқандардың 46,6%-і бұл бастаманы қолдайды. Оның 30,8%-і "әлбетте, қолдаймын" деп жауап берсе, 15,8%-і "қолдайтын сияқтымын" деп пікір білдірген. Ал 37,7% қазақстандық бұл бастамаға қарсы: 25%-і құрылыс идеясын мүлдем қолдамаса, 12,7%-і "қолдамайтын сияқтымын" деп жауап берген. Бір қызығы, бұл мәселеде қолдайтынын немесе қолдамайтынын нақты айтқан азаматтар саны басым" деп жазылған сауалнама нәтижесі туралы хабарламада. Зерттеу авторларының айтуынша, АЭС құрылысына қатысты халықтың пікіріне тұрғындардың бұл мәселе бойынша хабардар болу деңгейі қатты әсер етеді. Сұралғандардың 36,8%-і үкіметтің атом электр станциясын салу жоспары туралы ештеңе білмейтін немесе естімеген болып шыққан. 34,1% жақсы хабардар болған. 29,1% "естіген сияқтымын, бірақ егжей-тегжейлі білмеймін" деп жауап берген. Бұған қоса, сауалнамада төмендегідей жайттар қамтылған: АЭС-ті қолдайтындардың жартысынан астамы электр энергиясы тапшылығын, бір бөлігі электр энергиясы тарифінің арзандайтынын алға тартса, АЭС-ке қарсылардың 48 пайызға жуығы радиация, едәуір бөлігі экологиялық зардапты атап көрсеткен; Зерттеу азаматтардың референдумға "орташа деңгейде" қатысатынын көрсеткен. Сұралғандардың үштен бір бөлігінен астамы "міндетті түрде барамын" десе, респонденттердің бестен бір бөлігі (19,8%) дауыс беруге "бармаймын" деген. 18,8% азамат референдумға қатысатынын әлде қатыспайтынын әлі шешпеген. Сұралғандардың 10,7 пайызы ғана "референдумның әділ өтетініне толықтай сенемін" деп жауап берген. 20,6 пайызы қорытындысына мүлде сенбейтінін айтқан.   Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 1 қыркүйекте жолдауында АЭС салу мәселесін референдумға шығаруды ұсынған. Дегенмен кей сарапшылар елде "референдум әділ өтпеуі мүмкін екенін" еске салып, "бұл биліктің АЭС салу туралы шешімін заңдастыру жолы болуы мүмкін" деген пікір айтқан. Кей экологтар мен белсенділер АЭС салуға 20 жыл мораторий жариялау қажеттігін алға тартады. Елде АЭС-ке қатысты референдум өтпей жатып жуырда билік Қазақстан АЭС бойынша "Росатом" және тағы үш компаниямен "егжей-тегжейлі келіссөз жүргізіп жатыр" деп мәлімдеген. Қазақстандық атом саласының мамандары екі блоктан тұратын АЭС жобасының құны 15 млрд доллар болуы мүмкін екенін айтқан. Ал кей сарапшылар өзге елдермен салыстырғанда (мысалы, Түркия, Беларусь, Өзбекстандағы АЭС жобалары) мұның өте қымбат екенін алға тартқан. "АЭС салуға қолайлы орын" деп танылған Алматы облысы Үлкен ауылында биыл 22 тамызда АЭС бойынша жария талқылау өтіп, қарама-қайшы көзқарастағы адамдардың айғай-шуымен аяқталған. Шарадан кейін энергетика министрлігі "Үлкен ауылының тұрғындары АЭС-ті қолдайды" деп мәлімдеді. Ал оған қатысқан өзге өңірлерден барған экологтар, белсенділер "АЭС салу мәселесін тек Үлкен емес, тұтас республика халқы шешу керек" деп айтқан.  

Қазан 13, 2023 - 02:01
Қазан 13, 2023 - 02:05
АЭС бойынша сауалнама: 47% қолдайды, 38% қарсы

Қазақстандықтардың 46,6 пайызы атом электр станциясын салуды қолдаса, 37,7 пайызы қарсы. DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы жүргізген сауалнама нәтижесі осыны көрсеткен. Сауалнама биыл 22 қыркүйек пен 4 қазанда Конрад Аденауэр қоры мен PaperLab зерттеу орталығының қолдауымен бірігіп жүргізілген. "DEMOSCOPE сауалнамасының нәтижесі Қазақстанда АЭС салуға қатысты қоғам пікірі екіге жарылғанын көрсетті. Сауалнамаға қатысқандардың 46,6%-і бұл бастаманы қолдайды. Оның 30,8%-і "әлбетте, қолдаймын" деп жауап берсе, 15,8%-і "қолдайтын сияқтымын" деп пікір білдірген. Ал 37,7% қазақстандық бұл бастамаға қарсы: 25%-і құрылыс идеясын мүлдем қолдамаса, 12,7%-і "қолдамайтын сияқтымын" деп жауап берген. Бір қызығы, бұл мәселеде қолдайтынын немесе қолдамайтынын нақты айтқан азаматтар саны басым" деп жазылған сауалнама нәтижесі туралы хабарламада.

Зерттеу авторларының айтуынша, АЭС құрылысына қатысты халықтың пікіріне тұрғындардың бұл мәселе бойынша хабардар болу деңгейі қатты әсер етеді. Сұралғандардың 36,8%-і үкіметтің атом электр станциясын салу жоспары туралы ештеңе білмейтін немесе естімеген болып шыққан. 34,1% жақсы хабардар болған. 29,1% "естіген сияқтымын, бірақ егжей-тегжейлі білмеймін" деп жауап берген. Бұған қоса, сауалнамада төмендегідей жайттар қамтылған: АЭС-ті қолдайтындардың жартысынан астамы электр энергиясы тапшылығын, бір бөлігі электр энергиясы тарифінің арзандайтынын алға тартса, АЭС-ке қарсылардың 48 пайызға жуығы радиация, едәуір бөлігі экологиялық зардапты атап көрсеткен; Зерттеу азаматтардың референдумға "орташа деңгейде" қатысатынын көрсеткен. Сұралғандардың үштен бір бөлігінен астамы "міндетті түрде барамын" десе, респонденттердің бестен бір бөлігі (19,8%) дауыс беруге "бармаймын" деген. 18,8% азамат референдумға қатысатынын әлде қатыспайтынын әлі шешпеген. Сұралғандардың 10,7 пайызы ғана "референдумның әділ өтетініне толықтай сенемін" деп жауап берген. 20,6 пайызы қорытындысына мүлде сенбейтінін айтқан. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 1 қыркүйекте жолдауында АЭС салу мәселесін референдумға шығаруды ұсынған. Дегенмен кей сарапшылар елде "референдум әділ өтпеуі мүмкін екенін" еске салып, "бұл биліктің АЭС салу туралы шешімін заңдастыру жолы болуы мүмкін" деген пікір айтқан. Кей экологтар мен белсенділер АЭС салуға 20 жыл мораторий жариялау қажеттігін алға тартады. Елде АЭС-ке қатысты референдум өтпей жатып жуырда билік Қазақстан АЭС бойынша "Росатом" және тағы үш компаниямен "егжей-тегжейлі келіссөз жүргізіп жатыр" деп мәлімдеген. Қазақстандық атом саласының мамандары екі блоктан тұратын АЭС жобасының құны 15 млрд доллар болуы мүмкін екенін айтқан. Ал кей сарапшылар өзге елдермен салыстырғанда (мысалы, Түркия, Беларусь, Өзбекстандағы АЭС жобалары) мұның өте қымбат екенін алға тартқан. "АЭС салуға қолайлы орын" деп танылған Алматы облысы Үлкен ауылында биыл 22 тамызда АЭС бойынша жария талқылау өтіп, қарама-қайшы көзқарастағы адамдардың айғай-шуымен аяқталған. Шарадан кейін энергетика министрлігі "Үлкен ауылының тұрғындары АЭС-ті қолдайды" деп мәлімдеді. Ал оған қатысқан өзге өңірлерден барған экологтар, белсенділер "АЭС салу мәселесін тек Үлкен емес, тұтас республика халқы шешу керек" деп айтқан.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow