Ангелина Лукас чемпиондық атағынан айырылып қалды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO, WBF және WIBF белбеулерінің иегері Ангелина Лукас бірнеше күн бұрын Мысырда WBA Gold World Champion атағы үшін өткен соңғы жекпе-жегінің қорытындысы жарамсыз деп танылғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп жазады sadaq.kz.
Каирде өткен кездесуде ол америкалық Кэтрин Ренниге есе жіберген еді, алайда жекпе-жектің нәтижесі ресми түрде қайта қаралды.
Белгілі болғандай, бұл жекпе-жек жарамсыз деп (No Contest) танылды. Мұндай шешім Ренненің тарапынан анықталған ережебұзушылықтардан кейін қабылданған: америкалық спортшы допинг-тесттен өте алмаған, сондай-ақ төрешілер хаттамаларында айтарлықтай қателіктер анықталған.
«Жекпе-жек ресми түрде жарамсыз деп танылды. Қарсыласымның жеңісі күшін жойды: ол допинг-тесттен өтпеді, сонымен қатар төрешілердің жұмысында елеулі кемшіліктер табылды. Мен үшін ең маңыздысы - рингке адал шығып, соңғы секундқа дейін барымды салдым», - деп жазды Лукас әлеуметтік желілерде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?