«90-жылдардағы бандит»: танымал продюсер күйеуі туралы жан сырын ақтарды

Желтоқсан 23, 2024 - 11:23
Желтоқсан 23, 2024 - 11:23
«90-жылдардағы бандит»: танымал продюсер күйеуі туралы жан сырын ақтарды

Белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова алғаш рет күйеуі жайлы айтып, сырын ақтарды. Бұл туралы ол Kozqaras подкастына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды massaget.kz.

Ол подкаст жүргізушісі Роза Әшірбаеваға жарымен алғаш рет қалай танысқанын әңгімелеп берді.

"Күйеуіммен алғаш рет мектеп жасымызда дискотекалардың бірінде танысқан едік. Содан кейін Алматыға келіп бір университете түсіп, табысып кеттік. Ол заң факультетінде оқыды, ал мен журфакта оқыдым. 90-жылдардың басы бандиттер, рекэтирлер модада еді ғой. Ол кісі сондай заң маманы болғандықтан, достарымен бірге 90-жылдардағы бандиттер секілді, мықты, спортшы, кез келген жерде мен үшін тұрып бере алатын болды. Сондай образдағы азамат болатын. Менің алғашқы махаббатым болды. Жалғыз сол жігітпен жүріп, сол жігітке тұрмысқа шықтым", – деді ол жары жайлы. 

Продюсер сондай-ақ күйеуімен осыдан 31 жыл бұрын отасқанын және үш қыздың ата-анасы болып отырғандарын айтты.

"Кеше ғана өзі жазып, қуантып жатыр. "Бүгін сені ауылға келін қылып апарған күнім екен ғой" деп. Оны тіпті мен де ұмытып кетіппін. Содан бері 31 жыл уақыт өтіп кетіпті. Қазір, мінеки, үш қыздың ата-анасымыз. Кейде неге жас кезде туып алмадым екен деп өкініп қоямын", – деп жауап берді ол. 

Гүлнұр Мамасарипова – қазақстандық танымал продюсер, сценарист және редактор. Ол кино және тележобалар саласында үздік жобаларымен кең танылған маман. Оның көрерменге ұсынған "Келінжан" сериалы үлкен сұранысқа ие болып, қазіргі таңда толықметражды фильм ретінде жарыққа шығып жатыр. Сонымен қатар Мамасарипова ұсынған "Маска" шоуы да қалың көпшіліктің назарын аударған тележобалардың бірі болды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow