Абай облысындағы бір ауылда карантин жарияланды

Сәуір 7, 2025 - 09:33
 0  46
Абай облысындағы бір ауылда карантин жарияланды
Фото: sozmedia

Абай облысы Жарма ауданы Бұлақ ауылында ірі қара малдан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Абай облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, аймақта 200-ге жуық мал бруцеллез жұқтырған.

«Бүгінгі таңда шаруа қожалықтарынан 193 бас ірі қара мал союға жіберілді. Барлық ауру зертхана арқылы расталды», - делінген басқарманың хаарламасында. Осыған байланысты өңірде ветеринарлық талаптарға сай карантиндік шаралар жүргізілген. Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, бұл елді мекенде соңғы үш айда 50-ге жуық бруцеллез тіркелген. Мамандар жағдайды тексеріп, бақылауды жалғастыруда.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0