Әділетхан Молдаханды ұстау мерзімі екі айға ұзартылды
Танымал блогер, заңгер Әділетхан Молдаханды қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ол көрінеу жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінген.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде сот екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Істің барлық мән-жайын толық әрі объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп мәлімдеді полиция.
Естеріңізге сала кетейік, Әділетхан Молдахан 30 наурызда ұсталып, оны 10 күнге әкімшілік қамауға алған болатын. Алайда, қазір бұл мерзім екі айға дейін ұзартылып отыр.
Заңгердің ұсталуына Алматыдағы әл-Фараби даңғылында орын алған қайғылы жол апатына қатысты айтқандары себеп болған. Үш адамның өмірін қиған бұл апатқа қатысты блогер әлеуметтік желіде видео жариялап, полиция қызметкерлерінің жұмысын сынға алған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0