Air Astana ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонды
Air Astana әуе компаниясы Ақтөбеге ұшақтың мәжбүрлі қонуына қатысты түсініктіме берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
8 мамырда Астана-Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындайтын ұшақ Астанадан сағат 08:54-те ұшып шығып, техникалық себеппен 11:34-те Ақтөбеге қонған.
Әуе кемесінің экипажы стандартты қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес қону туралы шешім қабылдады.
"Қону штаттық режимде өтті. Жолаушыларды одан әрі тасымалдау үшін әуе компания Алматыдан резервтік ұшақ жіберді және рейстің жолаушылармен Ақтөбе қаласынан ұшуы бүгін 14.20-ға жоспарланған", – делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0