«Бәріміз бірге тұрып жатырмыз»: Ақан Сатаевтың кейінгі алған әйелі жүкті екенін айтты
Ол 12 жылдан кейін жүкті болғанын айтты

Белгілі режиссер Ақан Сатаевтың кейінгі алған әйелі Альмира Тұрсын аяғы ауыр екенін айтып, суретін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Режиссердің кейінгі алған жұбайы – танымал актриса, «Томирис» фильмінде басты рөлді сомдаған Альмира Тұрсын.
«Қуанышты жаңалығымды сіздерге айтқым келеді! Араға 12 жыл салып, тағы бір сәбиімнің анасы атануға дайындалып жүрмін! Бұл керемет те қуанышты сәт үшін Аллаға мадақ пен шексіз алғыс!
Сұрақтарыңыз бен қызығушылықтарыңызды сезіп отырмын, сондықтан алдын ала жауап берейін: көп жылдан бері отбасылымын, бәріміз бірге – оның, менің және ортақ балаларымызбен үлкен шаңырақта өмір сүріп жатырмыз. Ал әрі қарайғы жеке жайттарды егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын, себебі «бақыт тыныштықты қалайды» дегенге сенемін», – деп жазды Альмира Тұрсын.
Айта кетейік, «Томирис» фильмінің басты режиссері – Ақан Сатаев болған. Режиссер алғашқы жұбайы Назира Бақаевамен 2020 жылдың жазында ажырасып кеткені белгілі болды.
Альмира Тұрсын да Ақан Сатаевқа дейін тұрмыста болғаны белгілі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






