Әке көрген: Амангелді Сейітханның ұлы Париж Олимпиадасында комментаторлық етеді

Ал бұл жаңалықты естіген қалың көпшілік Амангелді Сейітхановтың ұлына сәттілік тілеп, әке жолын жалғағанына риза болды.

Шілде 25, 2024 - 12:05
 0  124
Әке көрген: Амангелді Сейітханның ұлы Париж Олимпиадасында комментаторлық етеді
Фото: Facebook, Instagram

Белгілі комментатор Амангелді Сейітхановтың ұлы Бекасыл Сейітхан Парижде өтетін Олимпиада ойындарын жүргізетін комментаторлар тізіміне енді, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Хабар» агенттігі Франция астанасы Парижде өтетін Олимпиада ойындарында комментаторлық қызмет атқаратын тілшілердің есімдерін атады. Бұл тізімде Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айбек Қабылша секілді тәжірибесі толысқан тілшілермен қатар жас Бекасыл Сейітхан да табылды. Бекасыл Сейітхан – белгілі комментатор, білікті журналист Амангелді Сейітханның ұлы.

Ал бұл жаңалықты естіген қалың көпшілік Амангелді Сейітхановтың ұлына сәттілік тілеп, әке жолын жалғағанына риза болды.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі комментатор 52 жасында коронавирустан қайтыс болды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 1