Ақмола облысында подполковник есірткі сатып келген

Подполковниктің мәселесі Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралды.

Мамыр 29, 2024 - 17:39
Мамыр 29, 2024 - 17:49
 0  79
Ақмола облысында подполковник есірткі сатып келген
Фото: ашық дереккөз
Ақмола облысында подполковник есіртік сатумен айналысқан, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Подполковниктің мәселесі Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің ҚК 297-бабы 2-бөлігі “Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу” бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Сотталушы подполковник М-ны полиция қызметкерлері ұстады. Ол тұрғын үйлердің терезелеріндегі металл торларға «хэш майы» есірткі заты бар пластикалық колбаларды магниттермен бекітіп жатқанда ұсталды", – дейді ведомство.
“Сот үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігі бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол әскери атағынан айырылды”,- дейді әскери сот.
Жәбірленушілердің өтемақы қорына 69 000 теңге мөлшерінде мәжбүрлеп төлем өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0