Ақмола облысында жол апатынан бес адам ажал құшты

Маусым 22, 2026 - 09:34
 0  17
Ақмола облысында жол апатынан бес адам ажал құшты
фото: видеодан скриншот

Ақмола облысында үш автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам көз жұмды. Тағы бес адам түрлі дәрежеде жарақат алды.

21 маусым күні сағат 14:56 шамасында Целиноград ауданындағы Астана – Қорғалжын автожолында, Оразақ пен Өтеміс ауылдарының аралығында жол апаты болды.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасына Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser маркалы үш көлік қатысқан. Соқтығысудан кейін екі Toyota көлігі өртеніп кеткен. Өрт толықтай сағат 15:35-те сөндірілді.

Апат салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаларға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0