Ақмола облысындағы жол апаты: қаза тапқандар Германиядан келген ерлі-зайыпты болып шықты
Ақмола облысында шағын автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы жаңа деректер шықты, деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған sadaq.kz.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Астана – Петропавл тасжолында Mercedes-Benz Sprinter мен ГАЗ-53 көліктері соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы сегіз адам зардап шеккені хабарланған еді.
Телеарнаның мәліметінше, жол апаты түнде Ақкөл қаласының маңында болған.
Қаза тапқандар Германиядан келген ерлі-зайыпты болып шыққан. 59 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған: ол алдыңғы орындықта майысқан темірдің арасында қысылып қалған. Ал оның 52 жастағы әйелі жансақтау бөлімінде қайтыс болған.
Ауруханаға жеткізілген жолаушылардың арасында марқұмдардың 9 жасар қызы да бар.
"Тоғыз адам Ақкөл аудандық ауруханасына жеткізілді. Екеуі тексерістен соң амбулаториялық емделуге жіберілді. Алты адам травматология бөліміне жатқызылды. Барлығы әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген әйелді өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, реанимациялық шаралар жасағанымызбен, оны аман алып қалу мүмкін болмады", - дейді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Смағұлова.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0