Ақтау тұрғындары көктен жойғыш ұшақ пен ұшқышсыз ұшатын аппаратты байқады
11 тамызда кешке Ақтау тұрғындары аспаннан Су-27 әскери жойғыш ұшағы мен ұшқышсыз ұшатын аппаратты байқады. Куәгерлер болған жайтты видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Әуеде жүрген Су-27 жойғыш ұшағы 11 тамызда кешкі уақытта байқалған. Сол күні кешке Ақшұқыр ауылының үстінен ұшқышсыз ұшу аппараты да көрінген.
Куәгерлердің айтуынша, ұшқышсыз ұшатын аппарат әуежай жақтан Ақтауға қарай қарай ұшқан. Қорғаныс министрлігі бұған дейін азаматтарға 2026 жылдың тамыз және қыркүйегінде "Батыл тойтарыс – 2026" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтетіні туралы хабарлағанын мәлімдеді.
Оқу-жаттығуға дайындық аясында еліміздің аумағында қару-жарақ, әскери техника және жеке құрам жауынгерлік даярлық іс-шаралары өтетін аудандарға жылжуда.
Әскерлерді жеткізу құрама тәсілмен жүзеге асырылып жатыр. Ол теміржол эшелондары, жалпы қолданыстағы жолдармен жүретін автокөлік колонналары және армия авиациясын қолдану арқылы жүргізіледі.
Айта кетейік, оқу-жаттығу кешенді сипатқа ие және Қазақстанның барлық аумағындағы оқу полигондарын қамтиды. Маневр кезінде әскерилер құрлықта, әуе кеңістігінде, теңізде және киберкеңістікте әскерлерді қолдану мен түрлі әскери құрылымдардың өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтайды.
"Өткізіліп жатқан іс-шаралар жоспарлы сипатта. Олар әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын арттыруға, әскери басқару органдарының өзара іс-қимылын жетілдіруге және Қарулы Күштерді қолданудың заманауи тәсілдерін пысықтауға бағытталған", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты министрлік тұрғындарды сабыр сақтауға, ресми ақпаратқа сүйенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды. Ведомство өкілдері көрінеу жалған ақпарат пен анық емес мәліметтерді таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0