Ақтауда бұрынғы прокурор ажал құшты

Тамыз 7, 2026 - 17:17
 0  37
Ақтауда бұрынғы прокурор ажал құшты
Фото: Pixabay

Ақтау қаласында ер адамның 12-қабаттан құлап қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай 25 шілдеде болған. Ер адам балкон арқылы үйге кірмек болған кезде 12-қабаттан құлап кеткен. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, қаза тапқан ер адам бұған дейін Түпқараған ауданының бас прокуроры қызметін атқарған. Ол өткен жылы зейнетке шыққан.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 1
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0